Айбек Смадияров ресми ақпарат түспегенін айтты.
Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болды ма? – СІМ жауап берді
729
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте Ресейде апаттық жағдайда қонған ұшақтағы қазақстандықтар жайлы айтты.

«Ұшақта қазақстандықтардың бар екені жайлы бізге ақпарат келіп түспеді», – деді Айбек Смадияров.

Новосібір облысында «Урал әуекомпаниясының» ұшағы апатты жағдайда қонды. Оның бортында қазақстандықтар болғаны жайлы ресейлік БАҚ хабарлады. ⠀

Убинский ауданына қонған борт «Сочи-Омбы» бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша, бортта 167 адам болған.⠀

Алдын ала ақпарат бойынша, әуекемесі дабыл қағып, содан кейін радардан жоғалып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ.⠀

«Ұшақтың бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23 бала, 6 экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады құтқарушылар.⠀

Baza телеграмм каналының ақпараты бойынша, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған.