11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болған.
«Қоштасу хатын қалдырған»: 4-сынып оқушысының әрекетіне кінәлілер аталды
1,339
оқылды

Алматы облысының прокурорлары 4-сынып оқушысының өз-өзіне қол салуға әрекеттенуіне әкеп соқтырған мәселеге байланысты кінәлілерді жазалау туралы ұсыныс енгізді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданының прокуратурасы облыстық Білім басқармасына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологке тиімді шара қолдануды, сондай-ақ материалды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аудандық комиссияның қарауына беру туралы айтты», – деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аудан прокуратурасының қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің мәжіліс залында дәрістер өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, 11 қыркүйекте Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болған.

Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерделеу үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

фото: zakon.kz