Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,12 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,50 теңге болды.
Доллар бағамы 2,12 теңгеге төмендеді
1,149
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,12 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460,50 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 462,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 461,5 теңге, сатып алу – 465 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 459,9 теңгеден болса, сатып алу – 464 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,77-4,99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,76-4,86 теңгеден сатылуда.