36 жастағы жігіт 10 қыркүйекте із-түзсіз жоғалып кеткен.
Балық аулауға кеткен 36 жастағы жігіт табылмай жатыр
3,085
оқылды

Атырауда балық аулауға барған жігіт үш күннен бері табылмай жатыр.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, 36 жастағы жігіт 10 қыркүйекте із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Жоғалған жігіттің аты-жөні – Ербол Құсайынов. Туыстарының айтуынша, ол 10 қыркүйек күні достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Оны іздестіру жұмысы бүгін үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздеу жұмысына Атырау облысы Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның 80 сарбазы тартылды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кинология бөліністері мен сүңгуірлер де іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

«Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына әлеуметтік желіде алып-қашпа ақпараттарды таратпауды ескертеміз. Жоғалған жігітке қатысты деректер болса, 102 операторына хабарлау сұралады», – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ