Астанада түкірген тұрғындар 19 миллион теңге айыппұл төлейді

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкірген астаналықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды. Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетовтің мәліметінше, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі.

«Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді», –  деді Арман Айтмағамбетов.

Ол деректердің барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.