Айбек Смадияровтың айтуынша, сыртқы ведомствоға Таиланд билігінің ресми дереккөздерінен ешқандай ақпарат келіп түспеген.
"Таиландта үш қазақстандық кәсіпкерді тонады": СІМ ресми өкілі мәлімдеме жасады
668
оқылды

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі брифингте қазақстандықтар ММА шеберімен сөз байласып, Таиландта италиялық азаматты тонап, Дубайға қашып кетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Айбек Смадияровтың айтуынша, сыртқы ведомствоға Таиланд билігінің ресми дереккөздерінен ешқандай ақпарат келіп түспеген.

"Мен де бұл ақпаратты естідім, бірақ бізге ешқандай ресми мәлімет келіп түскен жоқ. Таиландтық БАҚ қалаған нәрсесін жазуға құқылы, мен оларға қатысты пікір білдіре алмаймын. Сіздер де бұл оқиға туралы таиландтық БАҚ-тан оқыдыңыздар. Мен ресми өкіл ретінде айтарым, бізге Таиланд билігінен бұл оқиға туралы ешқандай ресми ақпарат келіп түспеді", – дейді ол.

Сондай-ақ Смадияров Сыртқы істер министрлігі тергеумен айналыспайтынын атап өтті.

"Біз құқық қорғау органы емеспіз, біз азаматтарымыздың құқығы мен мүддесінің бұзылмауын қамтамасыз ететін сыртқы саяси ведомствомыз. Тіпті, олар қылмыскерлер болса да", – дейді СІМ өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін тайлық БАҚ Пхукетте үш қазақстандықпен сөз байласып, Италия азаматын тонап кеткен екі ресейліктің қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Фото: almode.ru