Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматыда автобус қағып кеткен жолаушы қаза тапты
605
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 қыркүйек күні таңғы сағат 09.05 шамасында болды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды (Жүйкесі жұқарған адамдардың көрмегені жөн ред.). 

«Автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай бұрылып келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді», – деді полицей. 

Оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.