Қазақстандық бітімгершілік полкіне – 20 жыл
Қазақстандық бітімгершілік полкіне – 20 жыл
604
оқылды
Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты Қазақстандық бітімгершілік полкінің құрылғанына 20-жыл толуына арналған мерейлі мереке Қапшағай қаласында аталып өтті. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тал бесігі саналатын 32363 әскери бөлімінің аумағында өткен іс-шараға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы, Қазақстан Республикасынан бітімгершілік операцияларға қатысқан ардагерлер, Қапшағай қалалық «Нұр-Отан» партиясы филиалының өкілдері, бітімгершілік полкінде қызмет еткен командирлер мен жеке құрамның отбасы мүшелері қатысты. Мерекелік іс-шараның салтанатты бөлімі Ауған соғысы ардагерлерінің ескерткішіне жәнн Иракта бітімгершілік миссиясын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан капитан Күдебаев Қайрат Тілеуханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Қазақстандық бітімгершілік полкіне – 20 жыл Жиналған көпшіліктің алдында сөз алған Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Абубакиров Қаныш Асанханұлы бітімгершілік полкін мерейлі мерекелерімен құттықтап, құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихи сәттеріне тоқталып өтті.  
«Бітімгершілер – Отан қорғаушылар ғана емес, әлемдегі түрлі даулы жағдайларды шешетін және қақтығыс салдарынан бұзылған елдерді қалпвна келтіруші күштер. Біздің бітімгершілер Қазақстандық бітімгершілік полкі құрылған күннен бастап 20 жыл ішінде қазақ армиясының келбетін көптеген шет мемлекеттерде жоғары деңгейде көрсетіп жүр. Тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда атқарып жүрген еңбектеріңізге тек қана жеміс тілеймін»,- деп сөзін қорытындылады.
Сондай-ақ, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы бітімгершілік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар әскери қызметшілерді алғыс хаттармен және мерекелік медальдармен марапаттады. Іс-шара барысында биыл мамыр айында бітімгершілік міндеттерін орындпу үшін Ливан Республикасына аттанатын 4-бітімгершілік ротасының жеке құрамы патрульдеу және қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілімдер көрсетті. Қазақстандық бітімгершілік полкіне – 20 жыл Мереке соңы Десанттық-шабуылдау әскерлері көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Онда еліміздің эстрада жұлдызы, әнші Серікбол Сайлаубек бітімгершілерді айтулы мерекелерімен құттықтап, патриоттық әндерін тарту етті.