Жолы түзелген Еңбекші

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы күннен күнге гүлденіп жатыр.

Бұған дәлел Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылып жатқаны. Мысалы, Еңбекшіге Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы қосылып, аймақта біршама мәселелер оңтайшы шешімін тапты. Осының бәрі жергілікті әкімдіктің және "AMANAT" партиясының тынымсыз еңбегінің жемісі.

Мәселен, 18 тамыз күні Достық шағын ауданының тұрғыны  Қайрат Ақпанберді  тозығы жеткен жолдарды жөндеу мәселесі бойынша Шымкент қаласы Еңбекші аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің көмегіне жүгінді. Оның айтуынша, аймақтағы жолдың тозығы жетіп, оған жөндеу жұмысын жүргізу керегі жайында өтініш білдірді. Өз кезегінде, филиалдың Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова бұл мәселені басшылыққа алып, аудан әкімі Досбол Есілбекке жолдады. Нәтижесінде, 1 қыркүйекте жергілікті әкімдік тарапынан ауданның жолы жөнделді.

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан Еңбекші ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту назардан қалмағаны байқалады. Себебі, ауданда ұзындығы 723,35 шақырым 721 көше мен өткел бар. Жолдың 535,62 шақырымы (74 %) – асфальт, 145,5 шақырымы (20,2 %) – тасжол, 42,23 шақырымы (5,8%) – топырақ жол. 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделген (57,7 шақырым). 2022 жылы жалпы 86,4 шақырым 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.