Жүргізуші зардап шекпеген.
Қостанай облысында жүргізуші ерекше жол апатына ұшырады
1,239
оқылды

Жол апаты Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында орын алды. Полиция мәліметінше, жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт түсірген соң кузовын түсіруді ұмытып кеткен. 

“Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы іс жүргізу шешімін сот қабылдайды”, – делінген хабарламада.