Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты тілдер фестивалі өтті. Фестиваль шымылдығы жергілікті ақындардың тіл туралы өлеңімен ашылды.
Тіл фестивалі өтті
747
оқылды

Батыс Қазақстан облысы – Ресей­дің бірнеше ірі қаласымен шектесетін аймақ. Өңірде достық пен ұлтаралық татулықты сақтау өте өзекті. Бүгінде өңірде орыс, украин, неміс ұлтының өкілдері тұрады.  

Тіл саясатының маңызды бағыт­тарының бірі – ұлттық ономастика. Облыстық ономастикалық комиссия­ның шешімімен БҚО бойынша идео­логиялық тұрғыдан ескірген 110 елді мекен мен 5 ауданның, 1 886 көшенің атауы өзгертілген. 

 Тіл фестиваліне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан На­рым­бетов тіл жанашырларын ұлттық мерекемен құттықтады.

– Бүгінгі мереке – бейбітшілік пен келісімді насихаттаған еліміздің тарихындағы ерекше дата. Біздің өңірде қазақ тілін үйренгісі келетін өзге этнос өкілдері көбейіп келеді. Біздің басты жетістігіміз – үйлесім мен тыныштық орнаған қоғам. Біздің мектептер мен балабақшалар 70%-ы мемлекеттік тілде білім береді. Қазақ тілі ұлтаралық, этносаралық достық пен қатынас тілі болатын кез келді. Біз бәріміз осы бағытта жұмыс істей бе­руіміз керек, – деді Бақытжан Нарым­бетов.

 Аталмыш фестиваль облыстың барлық ауданы мен ауылында өтеді деп жоспарланған. Жалпы, тілдер күніне орай облыста 80-ге жуық шара ұйымдастырылмақ. Жиын басында өңірге танымал ақындар тіл туралы шығармаларын оқыды. 

Салтанатты жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген белсенді азаматтар Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы