Белгілі болғандай, Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны тапқан олжасын бірден көңіл көтеруге жұмсаған.
Шымкентте дүкен тонаған күдікті көңіл көтеру орнынан ұсталды
892
оқылды
Бас киімін төмен түсіріп киген күдікті түн ортасында азық-түлік дүкеніне сатып алушының кейпінде кірген. Сауда нүктесінде сатушының жалғыз екеніне көз жеткізгеннен кейін ер адам оған шабуыл жасаған.

Әйелді жерге құлатып, бірнеше рет соққыға жыққан соң кассадағы 50 мың теңгені алып, қашып кеткен, – деп хабарлайды polisia.kz.

Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады. Оқиға орнына дереу әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барды.

Қызметкерлер куәгер болуы мүмкін азаматтармен сөйлесіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген соң күдіктінің жүрген жерін анықтады. Нәтижесінде, ер адам "ізін суытпай" бірнеше сағаттың ішінде тамақтану мекемесінде ұсталды. Белгілі болғандай, Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны тапқан олжасын бірден көңіл көтеруге жұмсаған.