Шенеунік бұған дейін де ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылған. 
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі жол үстінде ұсталды
9,439
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңес ауылдық округтердің бірінің әкіміне қатысты тәртіптік істі қарады. Шенеунік биыл көктемде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болатын, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сот қаулысымен әйел әкім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті оның әрекетіне баға берді.

Деректерге сүйенсек, шенеунік бұған дейін де ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылған. 

Фото: gov.kz