Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Петропавлда жұмысшы топырақ астында қалып кетіп, мерт болды
630
оқылды
35 жастағы коммуналдық қызметтің жұмысшысы жұмыс бабында опат болды. Шұңқырдағы ер адамның үстіне жердің беткі қабатының бір бөлігі опырылып, құлаған.

14 қыркүйекте Партизанская және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысында жазатайым оқиға орын алды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, шұңқыр қазу кезінде жердің беткі қабатының бір бөлігі опырылып, құлаған. Осылайша 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалған. Бұл туралы Петропавловск.news жазады.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында  жан тапсырды. Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тергеу шараларын қолға алды.