Қазақстан аумағында есірткі сатқан Түркия мен Ресей азаматтары ұсталды.
Қазақстанда есірткі сатқан шетелдіктер ұсталды
900
оқылды

Павлодар қаласының прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматы А.-ны ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді.

"Ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған 2 орын  анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар 2 пакет алынды.

Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және "мефедрон" заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды",  деп жазды ведомстводан.

Бұл факті СДТБТ-да Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. 2 айға қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 жылы туған Ресей  азаматы К. ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады",  деп толықтырды прокуратура.