"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Жаңбыр, бұршақ,жел: алдағы үш күнде күн райы қандай болады?
3,544
оқылды

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде синоптикалық жағдай фронталды бөлімдердің әсерінен қалыптасады, найзағай мен екпінді желмен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады, -  деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Еліміздің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 жылу, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура фоны түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 жылы, күндіз 20-28 жылы күтіледі.