Олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа дәлел заттар тәркіленді.
Ақтөбеде радикалды діни ағымның өкілі деген күдікпен екі адам ұсталды
1,313
оқылды
2023 жылы 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдыра отырып, радикалды діни ағым ұяшығын бейтараптандырды.

Терроризмді насихаттау күдігімен Қазақстанның екі азаматы ұсталды.

"Олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа дәлел заттар тәркіленді", – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.