Қазақстанға келген Молдова азаматы Виталий Николаев пойызда кездейсоқ жолаушылармен белгісіз ішімдік ішіп, барлық заты мен құжаттарын, тіпті жадын жоғалтқан. Көкшетаудан түскен азаматтың есінде ештеңе қалмаған. Тіпті ол жақындарына хабарласа алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Пойызда ішімдік ішкен: Қазақстанға келген шетел азаматы есінен айырылып қалған
8,653
оқылды

Шетел азаматы тамыз айында Астанаға Мәскеуден ұшып келген. Кейін ол пойызбен Петропавлға барып, сол жерден Ресей астанасына оралуды жоспарлаған. Жолда ер адам кездейсоқ жолаушылармен бірге алкогольді ішімдік ішіп, Көкшетау вокзалынан бір-ақ шыққан.

13 тамыз күні таңертең Николаевты көшеде Көкшетау қалалық ІІБ қабылдау бөлімінің қызметкерлері тоқтатқан. Полицейлердің айтуынша, ол тек шолақшалбар пен жейде киген. Ал өзі қатты абдыраған күйде болған. Әңгімелесу барысында ер адамның Көкшетауға қалай жеткені есіне түспеген. Жеке құжаттары мен заттары да жоқ болып шыққан.

Кейін қабылдау бөлмесінің қызметкерлері шетелдіктің әйелі мен қызы бар екенін және олардың Мәскеуде тұратынын анықтады. Виталий туыстарымен байланысу үшін олардың телефон нөмірлерін есіне түсіре алмады.

Ер адамның әйелі мен қызымен байланысу үшін полицейлер көмектесті.

Деректерге сай, оның әйелі мен қызы Мәскеуде Виталийге іздеу жасап, тіпті тірі емес деп ойлаған екен.