Ақтөбеде көпір астынан 19 жастағы студенттің асылып тұрған денесі табылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Ақтөбеде көпір астынан 19 жастағы студенттің асылып тұрған денесі табылды
1,631
оқылды

Жігітті жергілікті тұрғын көпір астынан байқаған. Өлімнің алдын ала себебі – суицид. Полиция оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

19 жастағы жігіт жергілікті колледж студенті болған. Алдыңғы түнде ол үйінен шығып кеткен. Содан бері оралмаған. Оның денесін көпірдің астынан өтіп бара жатқан адам тауып алған.

"Заречный кентіндегі "Юрта" мейрамханасының жанындағы көпірдің астынан өтіп бара жатқан адам асылып тұрған 19 жастағы жігіттің мәйітін тауып алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деді Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.