«Қазгидрометтің» болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
916
оқылды

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында нөсер жауын жауады.

Республика бойынша батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі бар.

Жамбыл, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 1 градус үсік жүруі ықтимал.