Үлескерлерден 4 млрд теңге алып, құрылысқа іс жүзінде 900 млн теңге жұмсаған.
Астанада құрылыс компанияларының басшылары қамауға алынды
6,967
оқылды

Астанада жосықсыз құрылыс салушылар ұсталды.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, қыркүйектің басында ведомствоның нұсқауы бойынша полиция департаментінің өндірісіне «R-Club» және «R-Club Deluxe» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілген.

"Үлескерлердің 4 млрд теңгеден аса қаражаты тартылған. Алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген. Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.

көрнекі фото: Halyq Uni