16 қыркүйекте Қарағанды облы­сын­да Дүниежүзілік таза­лық күніне орайластырылған жаппай сенбілік пен эко-шаралар өтті.
Kıelı tabıgat тазалыққа үндейді
624
оқылды

Акция табиғатты сақ­тау мен эко­­логиялық мәдениетті қалып­тастырудың маңызына жұртшы­лық­тың назарын аударуға бағыт­талды.

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының  Жастар ресурстық орталығы белсенділер және еріктілермен бірлесіп Kieli Tabigat бірыңғай республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Қарқаралы ұлттық паркінде сенбілік өткізді. Бұл ауданда бірегей табиғат паркі ғана емес, ежелгі тарихтың ізі де сақталған. Осындай сенбілікке қатысу жастар үшін экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар археологиялық ескерткіштермен және киелі орын­дармен танысуға мүмкіндік береді. Теміртау мектептерінің жас эково­лонтерлері «Жосалы» шипа­жайы­ның маңындағы орман екпелерін қоқыстан тазалады. Бұл жерге дема­луға және денсаулықты жақсартуға халық көп  келеді. Бірақ, өкінішке қа­рай, демалу­шылардан кейін көп қоқыс үйіндісі қалады.

Қыркүйектің әр үшінші сенбісінде аталып өтетін Дүниежүзілік тазалық күні – миллиондаған еріктіні өз қала­ларын, ауылдарын қоқыстан тазарту үшін біріктіретін ең үлкен халық­аралық қоғамдық акция. Шара 2008 жылдан бері дәстүрге айналған. 

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы