«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының TALQYLAU диалог алаңында кезекті отырыс өтті.
Жолдаудың басты бағыттарын талқылады
563
оқылды

Жолдауды қолдауға арналған жиынға облыстық мәс­лихат депутаттары, тарихшылар, қоғам белсенділері, облыстық әкімдікке қа­расты басқарма басшылары, студенттер қатысты.

– Президенттің бұл жолғы Жол­дауының ерекшелігі, кез кел­ген кезде халық үніне құлақ аса­тын Үкімет екендігімізді та­ғы бір мәрте көрсете білді. Елі­мізде үлкен тартыс болып жат­қаны белгілі. Қиын кезеңді ең­серудеміз. Біз тіршілік етіп жат­қан сәтімізде «неден күш ала­­­мыз, неден нәр аламыз?» де­генді үнемі ойда ұстауымыз ке­рек. Егер жұтқан ауа, ішкен суы­мыз таза болмаса, қуат бе­ре­тін азық-түлігіміз сапасыз бол­са, қиыншылық туындары сөз­сіз. Тіршіліктің көзі суға бай­­ланысты жақсы ойлар айтыл­ды. Электр энергетикасы сала­сын­да тапшылықты болдырмау мақ­сатында АЭС салу жөніндегі пі­кірді, жалпыхалықтық рефе­рен­дум арқылы шешу керекті­гін айтты. Осының бәрі жаңа ми­нистрліктерді құруға себеп бол­ды. Бұл – уақыт талабы, – де­ді «AMANAT» партиясының Қа­рағанды облыстық филиа­лы­ның төрағасы Бекзат Алтын­беков.

Жиында бүгінгі таңда атқа­ры­лып жатқан істер де сара­лан­ды. Арнайы келіп жастарға өз ойын жеткізген Қарағанды уни­­­верситетінің мұғалімі, про­фес­сор, тарихшы Нұрсаған Ахмет­қы­зы:

– Маған Президентіміздің ел­ге шетелден қайтарылған ак­тивтердің ашық болуы және мем­лекеттік қорларды біріктіру ту­ралы ұстанымы ұнады. Жол­даудағы ерекеше қолдау та­ба­тын бағыттардың бірі – ауыл шар­уашылығы туралы мәсе­лелер деп санаймын. Соның ішін­де өндірілген өнімді өңдеу, оның жұмысын ынталандыру ар­қылы мол табыс табу соның нә­тижесінде ішкі өнімді көбей­те отырып экспортты нығайту. Ол үшін мемлекет тарапынан ауыл-аймақтағы бизнесті қол­дау, ұсақ шаруашылықтарды бі­­ріктіру мәселесін шешуді атап көрсетумен қатар, өнім өт­­кізу саясатын дұрыстау ар­қы­лы шетелге шығару керек деге­ні өте дұрыс болды. Мұндай сая­­­­саттың тарихи өзегі – биыл құрылғанына 175 жыл толып отыр­ған атақты Қоянды жәр­мең­кесі. Ол заманда мал өнім­де­рін тауар ретінде сату, айыр­бас­тау барысында ұтылумен қа­тар, мол пайда табу мектебі­нің тарихи тағылымы мол еді. Олай болса тарихтан сабақ алу­­дың да бір мысалы осы Жол­даудан көрінді, – деп атап өтті. 

Сонымен қатар TALQYLAU диа­лог алаңында сөз сөйлеген «Се­німен болашақ» бірлес­тігі­нің Қарағанды облыстық фи­лиалының басшысы Индира Тоқ­­­­­мурзина: 

«Жолдау – біз үшін стар­те­гия­лық құжат. Жолдаудың жү­зе­ге асуына бәріміз, халық бо­лып жауаптымыз. Мемлекет бас­шысының қоғамдық са­на­ны өзгерту керек дегені ұнады. Өйт­кені ортақ мүддеге жұ­мылуы­мыз тікелей қоғамның са­­насына байланысты. «Әді­лет­ті Қазақстан және Адал аза­мат ұғымдары егіз құндылық ре­тінде әрдайым қатар жүруге тиіс» деді Президент. Олай бол­са, азамат адал болғанда біздің мем­лекетімізде әділеттілік бо­ла­ды, әр адам өзінің жұмысына шы­найылықпен қарауы ке­рек», – деді.

Жиында студенттер аға буын­нан өз сұрақтарына тұ­шым­ды жауап алды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы