21 қыркүйек күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Министрлер кеңесінің бейресми отырысы өтеді.
Ынтымақтастықтың жаңа бағыты
666
оқылды

Оған Үкімет басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етеді.

Қазақстан 2020 жылдан бері АӨСШК-нің төрағасы міндетін атқарып ке­леді. Жиын барысында АӨСШК Бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай АӨСШК-нің қызметі туралы баяндама жасайды. Жоспар бойынша, Ми­нистрлер кеңесі ұйымды нығайтуға және Азияның жаңа жаһандық рөліне бейім­­деуге бағытталған реформалардың сегіз нақты бағытын көрсететін АӨСШК Трансформациясының жол картасын бекітеді. Біртіндеп транс­фор­мациялау үдерісі 2022 жылы қазанда Астанада, Қазақстанның 1992 жылы БҰҰ қабырғасында ұйымды құру бастамасына 30 жыл толу мерейтойы құрметіне орай ұйымдастырылған АӨСШК VI саммитінде басталған-ды.

Жол картасы ұйым жарғысын әзірлеу, ынтымақтастықтың жаңа бағыт­тарын іздеу секілді ашық және толық емес тізбесі бар трансформация үдерісі­нің құрылымдық күн тәртібі мен жетекші құжаты ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ АӨСШК, бюджет және кадр реформасы және басқа да тақырып­тар қамтылады.

Фото: dknews.kz