Автошеруге 250-ден астам бала қатысып, 600 жадынама мен буклет таратылды.
Қарағанды облысында «Назар аударыңыз,  балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр
743
оқылды

27 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

 

Аталған іс-шара аясында «Нұра-Осакаровка-Теміртау-Қарқаралы-Ботақара-Ақсу-Аюлы-Балқаш-Приозерск» бағыты бойынша автошеру өткізілді. Іс-шара балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Автошерудің ұзындығы 1 500 шақырымнан асты.

Автошеруге 250-ден астам бала қатысып, 600 жадынама мен буклет таратылды.

Автожанармай құю стансаларында, дүкендерде, қала маңындағы кафелерде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жапсырмалар желімделген.

Балалар Қарағанды облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер өткізді, ЖҚЕ сақтау бойынша өз суреттерін сыйға тартты. Балалармен викториналар өткізілді.

Аудио үгіт барлық елді мекендерде маршрут бойынша жүргізілді.

Автошеруді өткізуге арнайы мақсаттағы 33 автокөлік және Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі жұмылдырылды.