Доллар 1,67 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 471, 45 теңгені құрады.
Доллар 1,67 теңгеге қымбаттады
1,040
оқылды

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Атап айтқанда, доллар 1,67 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 471, 45 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 19 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 долларға 469,31теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 470,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 473,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469 теңге, сатып алу – 473 теңге. Ресей рублі 4,81–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: top-fon.com