Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда.
Павлодарда өнеркәсіп орнында жұмысшының үстіне сілтілі ерітінді түскен
577
оқылды
Павлодарда "Қазақстан алюминийі" АҚ өнеркәсіп ошағында жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Оның үстіне сілтілі ерітінді түскен.

18 қыркүйекте "Қазақстан алюминийі" АҚ-да гидрометаллург-аппаратшы маман үстіне сілтілі ерітінді түскен, – деп хабарлайды Рavlodarnews.kz облыстық еңбек басқармасына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу шаралары ұйымдастырылуда", – делінген басқарма хабарламасында. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде жатқанын, ол үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын бөлімде екенін нақтылайды.