Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды.
БҚО-да әйел зорламақ болған күдікті ұсталды
717
оқылды
Ақсайда түнделетіп үйіне келе жатқан әйелді зорламақ болған 34 жасар ер адам ұсталды. Оның деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды, – деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 жылғы әйел түнделетіп үйіне келе жатып, бөтен жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекенжайды айтып, оны әңгімеге тартады. Алайда таныстық күш қолдануға дейін жетіп, зорлауға әрекеттену фактісі орын алады. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды.

Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем көлігін шақырып, полицияға хабарласады. Жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған территорияда түсірілген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті.

"Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.