Оқиға Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасында болған. Әкесі қайтыс болғанын естіген емделушінің туыстары дәрігерді соққыға жыққан.
ДСМ Талғарда дәрігерді ұрып-соққан науқастың туыстарын жазалауды талап етті
992
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері Талғар ауруханасында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кінәлілерді құқық қорғау органдары анықтайды. 

«Талғар ауданының АОА-да қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі медицина қызметкерлеріне емделушінің туыстары күш көрсеткен. Реаниматолог пен мейіргер пациенттің агрессивті туыстарының шабуылынан ауыр жарақат алды. Осы құқыққа қайшы әрекетке құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талабы бойынша жазалануы тиіс», – дейді ДСМ өкілі. 

Денсаулық сақтау жүйесінде емделушілер мен дәрігерлердің қауіпсіздігі әрқашан өзекті. Министрлік дәрігерлер қызметтік міндетін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық жасалса, қылмыстық жауапқа тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады. 

Бұған дейін Талғарда қайтыс болған науқастың туыстары дәрігерді ұрып-соғып, мәйітті алып кеткені жайында жазған болатынбыз.