Биыл 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полицейлермен бірлесіп, бопсалау, ауыр дене жарақатын салу, заңсыз қару сақтауға күдікті топты ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК кәсіпкерлерден ақша талап еткен күдіктілерді ұстады
895
оқылды

Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді.

Қолда бар деректе олар физикалық түрде жәбір көрсетіп, облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақша талап еткен.

 

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.