Олар 12 жылға қамалуы мүмкін.
Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
786
оқылды

Алматы облысының полициясы Талғар қаласында медицина қызметкерлерін ұрып-соққан күдікті екі адамды уақытша ұстау изоляторына қамады.

 

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдильдин.