Кеше Ерлан Қошановтың төра­ға­лы­ғымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.
Мәжіліс «Ұлттық қор – балаларға» заң жобасын қабылдады
673
оқылды

Онда депутаттар «Қазақстан Рес­­­­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық қорынан балаларға тө­лем жасау  мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасын екінші оқы­лым­да қабылдап, екі халықаралық ке­лісімді ратификациялады. 

Ұлттық қордан балаларға төленетін тө­лемдер туралы түзетулер Мемлекет бас­шы­сының «Ұлттық қор – балаларға» жо­ба­сын іске қосу мақсатымен Парламент де­путаттарының бастамасы негізінде әзір­­ленген еді. 

Қаржы және бюджет комитетінің мү­шесі Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, ұлт­тық қордың жылдық инвестициялық кірі­сінің 50 пайызы балалар 18 жасқа тол­ғанға дейін олардың арнайы жинақ шот­тары­на аударылады. Бұл қаражатқа олар бо­лашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алу­ға немесе жақсартуға Қазақстан аума­ғын­да ғана рұқсат етіледі, ал білім алу үшін шет­елдік оқу орнында оқуға мүмкіндік бар. 

– Бала 18 жасқа толғанға дейін есепке жа­зылған қаражат ұлттық қорда болады және Ұлттық банк қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Баланың туған күнінен бастап немесе баланың Қа­зақстан Республикасының азаматтығын ал­ған күнінен бастап он сегіз жасқа тол­ған­ға дейін оның бағдарламаға қатысқан тиіс­ті жылы үшін әрбір баланың шотына бір­дей сома аударылатын болады, – деді Берік Бейсенғалиев баяндамасында.

Депутат жинақ және төлем тетігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын атап өтті. Шотта жинақталған қаражатты он се­гіз жасқа толғаннан кейін ғана пайда­лану­ға мүмкіндік беріледі. Алайда балалар азаматтықты өзгерткен немесе жоғалтқан кез­де бұл құқығынан айырылады. Соны­мен қатар төленетін қаражат салық салу­дан босатылады. 

Сондай-ақ заң жобасы мақсатты жи­нақ­тарды және оларды төлеуді тоқтата тұ­ру, тыйым салу, тәркілеу мүмкіндігін шек­теу шараларын, алушы қайтыс болған не­месе қайтыс болды деп танылған жағ­дай­да мұрагерлердің оларды алу құқықта­рын белгілейді. 

Нәтижесінде, мәжілісмендер заң жо­басын екінші оқылымда қабылдап, Се­нат­қа жолдады. Бұдан бөлек, екі халықаралық ке­лі­сімді ратификациялады. Оның бірі – Түр­кі инвестициялық қорын құру туралы ке­лісім.

 – Қор түркі мемлекеттері құрған ал­ғаш­қы және негізгі бірлескен қаржы инс­ти­туты болады, оның қызметі Түркі мем­ле­кеттері ұйымына қатысушы мемлекет­тер­дің экономикалық әлеуетін жұмыл­дыру­ға, кәсіпкерлікке, оның ішінде шағын жә­не орта бизнеске, сондай-ақ жұмыс орын­дарының өсуі мен ашылуына жәр­дем­десуге бағытталатын болады, – деді Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің хатшысы Айдос Сарым қо­сымша баяндамасында. 

Қор аясында Қазақстан халықаралық жә­не ұлттық қаржы институттарымен, сау­да-өнеркәсіп палаталарымен және же­ке ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға, өңірішілік сауданы, көліктік-логистика­лық тізбектерді, қоймалық және өндірістік қуат­тарды кеңейтуге мүмкіндік алады.

Екінші құжат – Қазақстан мен Қытай үкі­мет­тері арасындағы екі елдің аза­мат­тарына қатысты ақпарат алмасу туралы ке­лісім. Ол көші-қон және қос азаматтыққа қар­сы іс-қимыл саласындағы тараптардың құ­зыретті органдарының ынты­мақ­тас­ты­ғына құқықтық негіз жасайды.

– Азаматтарға қатысты көші-қон са­ла­­­сында ақпарат алмасу тетігін жасау осын­дай фактілерді жедел анықтауға және осын­дай бұзушылықтардың алдын алу жө­нінде тиісті шаралар қабылдауға мүм­кіндік береді. Келісімді ратификациялау біз­дің елдеріміз арасындағы құқықтық тәр­тіпті, қауіпсіздікті одан әрі дамытуға, сақ­тауға және екіжақты ынтымақтастықты ны­ғайтуға ықпал ететін болады, – деді Заң­­нама және сот-құқықтық реформа ко­митетінің мүшесі Жарқынбек Амантайұлы. 

Бұдан бөлек, жалпы отырыста депутат Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды. Ол депутаттық өкілеттігін тоқ­татқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мә­жілістегі «АМАNАТ» фракциясының қа­та­рына қосылды. Айта кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы бос тұрған мандатты Вера Кимге беру туралы қаулы қа­былдаған болатын. Ол 2021 жылдан 2023 жыл­дың қаңтарына дейін VII шақы­ры­лымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер өзек­ті әлеуметтік және экономикалық мә­селелер бойынша жауапты мемлекеттік ор­гандарға бірқатар депутаттық сауал жол­дады. Мәселен, Премьер-Министр Әли­хан Смайыловқа жолдаған сауалында Мә­жіліс депутаты Мақсат Толықбай Ал­матының айналасында тұратын жарты мил­лион адамның өтінішін мәселе қылып кө­терді. Депутаттың айтуынша, Қонаев қа­л­асы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле ауданының өзінде 674 саяжай бар. Тұрғындарының саны бес жүз мыңға жақындаған.  Бұл деректің өзін де нақты айту қиын.  Себебі азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеле алмаған соң жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр. Ал халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отыр­ған жүздеген саяжайда  мектеп, бала­бақ­ша, қоғамдық көлік қатынасы, ме­ди­циналық жәрдем  көрсету, асфальт, пошта, бай­ланыс пункттері әлеуметтік қызмет инф­рақұрылымы, әлеуметтік нысандар аты­мен  жоқ. Электр қуатына дейін жеке­нің қолында. Екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр. Оқу жылы басталғалы балалар бір­неше шақырым жердегі мектепке бал­шықпен барып, кейде иттерге таланып жа­тыр дейді. «Қысқасы, жүздеген мың отан­дасымыздың сұрайтыны – «ауыл» ста­тусы.  Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәй­кес,  жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады. Бұл түйткілді мәселені Үкіметтің деңгейінде күн тәртібіне шығармасақ, бұның арты үл­кен әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүм­кін», – дейді мәжілісмен. 

Ал депутат Нартай Аралбайұлы еңбек миг­рациясы туралы сөз қозғап, жұмыс іздеп нәпақа қамымен шетел асып жатқан жастардың  заңдық тұрғыда еш қорғансыз қалып жатқанын атап өтті. 

«Ресми дерек, 2022 жылғы жағдай бойын­ша Оңтүстік Кореяда  еліміздің 9 600 азаматы заңсыз еңбек мигранты болып жұмыс істеді. 2020 жылы Оңтүстік Корея ау­­мағында заңсыз еңбек мигранттары ре­тінде жүрген қазақстандықтардың саны 8 902 адам (2019 жылы – 10 707 адам, 2018 жы­лы – 11 413 адам) болды. Бірақ ресми сан­дар шынайы жағдайды көрсетпейді, се­бебі қазір Оңтүстік Кореяда 20 мыңға жуық қазақстандық жүр, оны отан­дас­та­рымыздың басын біріктіретін орталықтар рас­тап отыр. Заңсыз жүрген еңбек миг­ран­тының жағдайы түсінікті. Еңбек құқығы қор­ғалмайды, заңға сүйеніп жұмыс беру­ші­ден өз құқығын талап ете алмайды. Сал­дарын санамалап айтсам сұмдық» дей ке­ле осыған қатысты бірнеше мысал кел­тірді.  Оның айтуынша, отандастары­мыз­дың құқығының қорғалмауының себебі  екіжақты келісімшарт негізінде берілетін Е-9 уақытша еңбек визасы берілмеуі. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қазан айында «Бірқатар елде қазақстандықтар заңсыз, жасырын жұмыс істеп жатыр. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтары өзге елде тіркеу қиындықтары мен әртүрлі тұрмыстық мәселеге тап болады», – деп Үкіметке мәселені шешуді тапсырған бо­латын. Бірақ әлі күнге дейін бұл түйт­кілдің түйіні тарқаған жоқ. 

«Корея Республикасымен 16 ел (Қы­тай, Вьетнам, Филиппин, Таиланд, Ин­до­незия, Шри-Ланка, Моңғолия, Өзбекстан, Камбоджа, Бангладеш, Пәкістан, Непал, Мьянма, Қырғызстан, Шығыс Тимор, Лаос) Еmployment Permit System – EPS («Еңбек рұқсаттары жүйесі» – ЕРЖ) шет­елдіктерді жұмысқа орналастыру жүйесіне қосыл­ғанын білеміз. Аталған жүйеге Қа­зақстан неге қосыла алмай келеді?», – дей­ді мәжілісмен. Ол сөз соңында Қазақ­стан­ды «Еңбекке рұқсат беру жүйесіне» қосу үшін тиісті іс-шаралар жоспарын пы­сық­тауды, екі ел арасында ортақ келісім жа­сал­ғанша Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек мигранты боп жүрген 20 мыңға жуық қазақстандықтың құқығын қорғайтын заң­ды тетікті табуды ұсыныс ретінде жет­кізді. 

Наурызбек САРША