Батыс Қазақстан облысында ауылдасын өлтірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz БҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
БҚО-да ауылдасын өлтірген 30 жастағы ер адам ұсталды
740
оқылды

Оқиға 14 қыркүйекте БҚО Бәйтерек ауданы Январцев ауылында болған.

«Күдікті 1972 және 1979 жылғы ауылдасын жарақаттап, оқиға орнынан кетіп қалған. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Алайда 51 жастағы ер адам есін жимастан ауруханада көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысқа күдікті ретінде Январцев ауылының 1993 жылғы тұрғынын ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамады», – деді ПД өкілі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жәбірленушілердің екеуі де 15 қыркүйек күні Бәйтерек аудандық 2-ауруханасына жүгінген. Медициналық көмек көрсетіліп, Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Шұғыл операция бөлмесіне жатқызылған 1972 жылғы тұрғын 17 қыркүйек күні таңда көз жұмды.

Ашық бас-ми жарақатын алған 1979 жылғы тұрғын нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.