Сотта жазда әншінің қатысуымен болған даулы оқиғаның тағы бір материалы қаралып жатыр.
"20 тәулікке қамайды": Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр
2,068
оқылды

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді.

 

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Еске сала кетейік, осы жылдың 14 маусымында Төреғали Төреәлі Алматы көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларына қарсылық танытқан еді.

Бұдан кейін танымал әнші Төреғали Төреәлі полицияның заңды талабын орындамағаны үшін қосымша әкімшілік жазаға тартылған еді.