Белгілі журналист, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары туралы ойын білдірді.
Құранды мұсылман елдерінің өзі қорғай алмай жатыр – Мақсат Толықбай
924
оқылды

"Қазір сарапшылар Президенттің АҚШ-қа сапарын талқылап жатыр. Алайда, мына бір дүниеге жеке тоқталғанымыз жөн. Білесіздер, Солтүстік Еуропаның бірқатар елдерінде Құранды өртеу, жерге таптау сияқты оқиғалар болды. Артынша, мұсылман елдері шулады, митингтерге, пикеттерге шықты, қарсы мәлімдемелер жасады. Бірақ одан не өзгерді?", – дейді депутат. 

Ол кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұқым дүниежүзіндегі мемлекет басшылары бас қосатын Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары мінберінен қасиетті Құран сияқты кітаптарды вандализмнен құқықтық тұрғыдан қорғауымыз тиіс деген мәлімдеме жасағанын атап өтеді.

"Байқасаңыздар, шетелдік БАҚ "Қазақстан мұсылман әлемінің қорғаушысына айналды" деп жазып жатыр. Шындығында, Құранды қорғау мәселесін мұсылман елдерінің өздері БҰҰ сияқты биік мінберден қорғай алмай жатқан уақыт қой. Ал біздің Мемлекет басшымыздың Еуропа елдеріне қарата жасаған мәлімдемесін батыл қадам деп айтуға әбден болады", – деп түсіндірді мәжілісмен.