Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді.
Қарағандыда колледж студенттерінің пышақтасқан сәті видеоға түсіп қалды
923
оқылды
21 қыркүйекте Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде төбелескендер суық қару қолданған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға түсті, – деп хабарлайды eKaraganda.kz.

Қарағандыдағы колледждердің бірінің студенттері төбелісінің видеосын жариялады. Видеода колледж студенттерінің бірі қарсыласын қуып жүріп пышақпен жарақаттайды.

Аталған ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, кенеттен болған жанжал кезінде 17 жастағы студент 19 жастағы қарсыласына пышақ сілтеген. 

"17 жастағы күдікті ұсталды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Тергеу шаралары қолға алынды", – делінген ПД хабарламасында.