Биыл тамыз айында жалпы салмағы 137,2 келі 3 072 алтын құйма сатылды. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
Тамызда 3 000-нан астам алтын құйма сатылды
719
оқылды

Халыққа алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды. Сол уақыттан бері жалпы салмағы 4,8 тонна 138 255 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. 

Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 35 842 дана (26%). Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 31 325 дана (23%), 100 грамдық құйма – 29 381 дана (21%), 20 грамдық құйма – 25 050 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 16 657 дана (12%). 2023 жылғы тамызда алтын құймалар ең көп көлемде мына өңірлерде өткізілді: Алматыда (1 527 дана, 55%), Шымкентте (693 дана, 25%) және Астанада (221 дана, 8%).