Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Дербес деректерді қорғауға бағытталған заң жобасы
805
оқылды

Жалпы отырыста депутаттарға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасын талқылау ұсынылады. Бұл заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізуге, «дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу» ұғымын анықтауға және жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгілеуге бағытталған. Заң жобасы 12 заңнамалық актіге өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізуді көздейді. 

Депутаттар алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы шартты ра­ти­фикациялау туралы заң жобасын қарайтын болады. 

Сонымен қатар Бюро отырысында «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өткізу жөнінде мәселе қаралды.