Өткен қыс біраз әбігерге салған бо­латын. Екібастұз жылусыз қалса, Те­міртауда да тұрғындар жаурады. Биыл қалай болады?
Қысқа дайынбыз ба?
906
оқылды

Алдағы қысқы сын­ға дайынбыз ба? Осы тақырыпты тал­қылау үшін Қарағанды облы­сын­да Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиевтің төрағалығы­мен «AMANAT» партиясы жанындағы Өңір­лік даму жөніндегі респуб­ли­ка­лық кеңестің көшпелі отырысы өтті. 

Жиынға Энергетика вице-министрі Жан­дос Нұрмағанбетов, Өнеркәсіп және құ­рылыс вице-министрі Тимур Қара­ғой­шин, Қарағанды облысы әкімінің орын­ба­сары Вадим Басин, онлайн басқа об­лыс­тың әкімдері, басқарма басшылары, сон­дай-ақ «AMANAT» партиясы филиалы жа­нындағы бейінді өңірлік кеңестердің мү­шелері қатысты.

Отырыс барысында жылу желілерінің ағым­дағы жағдайы, бұрын анықталған ес­кертулерді жою бойынша жүргізілген жұ­мыстар туралы ақпарат айтылды. Со­ны­мен қатар ЖЭО-ны одан әрі жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірленді. 

Энергетика вице-министрі Жандос Нұр­мағанбетов энергетикалық кәсіп­орын­дардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, жүйелік оператор бекіт­кен электр станцияларын жөндеу кесте­сі­не сәйкес, 2023 жылы 10 энергетикалық блок­ты, 49 қазандықты және 54 турбинаны күр­делі жөндеу жоспарланған. 5 энер­ге­ти­калық блокта, 23 қазандықта және 20 тур­бинада жөндеу жұмыстары әртүрлі ке­зеңдерде жүргізілуде. 4 энергетикалық блок­та, 17 қазандықта және 13 турбинада жөн­деу жұмыстары аяқталған.

Жандос Нұрмағанбетов әр облыс, қа­ла­лардағы шешімын тауып жатқан  мә­се­лелерге тоқталды. Мысалы, Павлодар об­л­ысы бойынша Екібастұз ЖЭО-сының тұ­р­ақ­ты жұмысын қамтамасыз ету аясын­да алдағы жылыту маусымында 10 қазан­дық­ты жөндеу көзделген. Қазір 7 қазан­дықта жұмыс жүргізілуде. 

Жезқазған қаласындағы ЖЭО-да №4 қа­зандықты жөндеуді жеделдету, сондай-ақ энергетикалық жабдықтың барлық жос­парланған жөндеу жұмысының орын­далуын қамтамасыз ету қажетігі айтылды. Ал Маңғыстау облысы бойныша «МАЭК» ЖШС-ның жылу электр стансасында №3 энер­гетикалық блокты жоспарланған күр­делі жөндеу 2024 жылға ауыстырылған.

 «Арқалық ОЭК» МКК ЖЭО бойынша ма­зутта жұмыс істейтін бу және су жылыту қа­зандықтары химиялық су дайындау жүйе­сін реконструкциялау аяқталған жағ­дайда жылу жүктемесін көтеруге дайын­дығы айтылды. «Жаңа ЖЭО бойынша іске қосу жөндеу жұмыстарын жүргізуді же­дел­­дету қажет. Осымен 2 жылға созылып бара жатыр» дегенді қосты спикер.

Энергетика вице-министрінің ай­туын­ша, барлық ЖЭО-да отын қоры нор­маға сәйкес жинақталған. 

Арнайы келген кеңес мүшелері  «Ар­селор­Миттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-ні ара­лап шықты. Барысында кеңес төрағасы Бе­рік Бейсенғалиев  қосымша жетінші қа­зандық салу есебінен кәсіпорын қуатын ұлғайту болжамдары туралы проблемалық мәселені көтерді:

– Инвестордың белгілі бір міндет­те­ме­лері бар, сіз сол тараптан болып жатқан қол­дауға қанағаттанасыз ба? Қаржылан­дыру жетінші қазандықты аяқтауға, жөн­деуге, сондай-ақ қалған қазандықтарды қал­пына келтіруге жеткілікті ме? Бізде қа­ражат жеткілікті екеніне және осы жы­лыту маусымында желілерде апаттар бол­майтынына сенімдіміз, өйткені сізде осы ал­ты қазандықтың төртеуі апатты жағдай­да болды, – деді.

– Жалпы, биыл бұл жұмыстарға же­тін­ші қазандықсыз шамамен 5 млрд теңге бө­лінді. Бұған бірінші, төртінші және бе­сінші қазандықтарды қалпына келтіру жұ­мыстары кіреді. Бұл сома жұмыстарды аяқ­тауға және оларды толық көлемде іске қо­суға жеткілікті деп сеніммен айта ала­мын, – деп жауап берді  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО директоры Сергей Кривов.

Өйткені жетінші қазандықтың құры­лы­сы келесі жылға шегерілген болатын.

Сонымен қатар жиында Теміртау қа­ласында былтыр халықтың тонуына бір­ден-бір себеп 2-ші ЖЭО сапасыз көмірдің са­тып алуында екендігі де айтылды. Сер­гей Кривов болса «Биыл ондай жағдай қай­таланбайды, сапалы көмір алынды», –  деп сендірді.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ