Түркістан облыстық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды (видео)
Түркістан облыстық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды (видео)
287
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Түркістан облыстық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды.    width= Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.   https://youtu.be/FbZ6v7CIB8w Видео: Kazinform.kz «Атап айтқанда, А. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуге заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады» делінген хабарламада. Тергеу жалғасып жатыр.