Қазір ақпараттық технологиядан хабары бар әрбір қазақстандық күніне кемінде 100 минут уақытын интернетке жұмсаса, сарапшылардың есебінше, смартфон иелерінің 60 пайызы мобильді интернетті өте белсенді пайдаланады.
Ел болашағы үшін IT саласының маңызы зор – Ғазиз Құлахмет
4,427
оқылды

Ақпараттық қосымшалардың арқасында адамдар күнделікті тұрмысын өз уақыты мен ыңғайына икемдеуге әуес. Инновациялардың көмегімен күрделі іскерлік операцияларды жүзеге асыру үшін уақыт тығыздығы, жер қашықтығы деген ұғымдар кедергі болудан қалып бара жатқаны да рас. Осы ретте IT саласының мамандарын көптеп даярлау, оларды қолдау уақыт талабы болып отыр. Жас мамандардың айтуынша, елімізде венчурлық қаржыландыру мен инвестиция тарту мүмкіндігі өте аз. Бүгінде 90-95 пайыз IT маман иелері қолдаудың жоқтығы салдарынан шетелге кетуге немесе басқа кәсіппен айналысуға мәжбүр.  Ғазиз Құлахметпен болған әңгімемізде отандық ғылымның жетістіктері, бүгінгі IT саласындағы мәселелер туралы сөз қозғадық.  

– Ғазиз мырза, сіз депутат ке­зіңізде еліміздегі мүгедектігі бар аза­маттардың жағдайына баса мән беруге үндейтін сауалдар жол­да­­дыңыз. Айтыңызшы, бұл мәсе­ле­де біз қандай шаралар қабыл­­дауымыз керек?

 – Бізде бір жарым миллион­нан аса адам қауіпті, ауыр өн­­­діріс орындарында жұмыс істейді. Оның 900 мыңы ер адам­дар бол­са, 600 мыңға жетер-жет­песі әйел адамдар. Қауіпті, ауыр өндіріс­терде жұмыс істейтін адам­­­дар­дың зейнет жасын неге қыс­­қарту ке­рек? Ең алдымен жұ­­­мыс­сыз­дық мәселесін шешу маңыз­ды. Одан бөлек, біздің кенші­леріміз бен шахтерлардың өз кәсіби сыр­­қат­­тары бар. Шах­тада жұмыс істей­тін адам­дардың буын ауру­ла­ры, тыныс жүйелері­нің аурула­ры көптеп кездеседі. Сон­дай сыр­­қаттар нәтижесінде зейнет жа­сы­на жетпей ден­­­сау­лығын құр­тып, дүние салып жат­қан­­­дары да жоқ емес. Мүге­дек­тердің саны да кө­­­бейіп жат­­қаны жасы­рын емес. Әл­­­­­бетте, кездей­соқ жол апаттары мен түрлі жағ­дайға байланысты мүгедек болып жат­қан­­­дар мен тұқым қуалайтын жолмен мүм­­кіндігі шектеліп жат­­­қан адамдар да бар. Сон­дық­тан қолдан келе­тін дүниелерді про­филак­­тикалық жолмен шек­теу мүмкіндіктерін қарас­тыр­ға­ны­мыз жөн. Өндіріс орында­рын­дағы шынайы жағдай­ларды қа­­­­­­рас­тыруымыз үшін бізге нақты ақпараттар мен деректер керек. Еліміз 2017 жылы денсау­­­лық режимі деген халықаралық келі­сім­­­шартқа қол қойған. Яғни, онда өндіріс орындарында жара­қаттану мүмкіндіктерін шектеу­дің қандай жолдары бар деген секілді ішкі ережелері қам­тыл­ған. Сонымен қатар қазіргі бас­ты мә­селелердің бірі жас­тардың ауыр жұмыстарға баруға ниеті­нің жо­­­­ғы болып тұр. Бұл жерде таяқ­тың екі ұшы бар. Бі­­рінші­ден, рас, не­­­ге жастар ауыр жұ­­мыстан қа­­­­ша­­­ды деп ай­туымызға болады. Бі­р­ақ білімі бар адам неге ауыр жұмыс­тарға бару керек деген мә­­­селе де бар. Жал­пы, жастар бара­­тын жұмыс орындары көп пе? Бұл да өз ке­зе­гіндегі басты мәсе­­­ле­­­­­лердің бірі. Мүгедектердің са­ны мен екі жыл бұрын депутат болып кел­ген кезімде 695 мың­нан аса­тын, бүгінде 700 мыңнан асып кетті деген ақпарат бар. 

Мысалы, қанша адам ауыр жұмыс орындарында жұмыс іс­тейді, олар қанша уақыт сайын ме­дициналық тексерулерден өте­­ді. Бірақ көп жағдайда жұмыс берушілер көп ақпаратты жасы­рады. Ауыр өндірістерде құлақ­тың естуі нашарлап қалатын жағ­­дай­­­лар бар. Сол құлақтың мү­­­­кіс­­­­­­­ті­­­­гін болдырмау үшін қан­дай жағдайлар жасау керек. Жұ­­мыс­керлердің құлағына ар­­­найы құлаққаптар кигізу керек деген секілді. Ал жұмыскерлер көзде­­­­ріне түрлі жағдайдан қорғайтын арнайы көзілдіріктер кию керек. Мұндай техникалық сақтық ша­­­ра­­­лары қолданылмайтын жағ­­­­дайлар көптеп кездеседі. Осын­­­дай еңбек мәдениетіне келуіміз керек. 

– Мемлекет басшысы соңғы уақыттары IT мамандарын көптеп даярлауға тапсырмалар беріп, кө­ңіл аударып келеді. Осы ретте біз­­­­­­­­­­­­дің елімізде IT мамандары кө­біне елімізден гөрі шетелде жұмыс іс­­­­­теуге ынталы болып келеді. Мұ­ның себебі неде деп ойлайсыз?

– Бізде Үкімет болсын, са­­­­­ла­лық министрлік болсын, ал­­­­дағы болашаққа мақсат қойған кезде ол мақсаттың толық мүдде­­­­сін аша білу керек. Мәселен, Мем­­ле­­­­­­­­кет басшысы өз Жол­­­­­дауында «100 мың IT маманын үш жылда дайын­­дауымыз ке­рек», – деді. Бұл мәселе реттілік пен нақты­лықты қажет етеді. Мы­­­­салы, IT саласының өзі бір­неше салаға бөлінеді ғой. Компью­­­тер жөн­дейтін мамандар бар, компью­­тердегі кейбір опера­­цияларды орындайтын мамандар бар. Бағ­­­­­дар­ламаларды ойлап та­ба­­тын мамандар бар деген секілді. Осы­лардың қайсысына нақты көңіл аударуымыз қажет?! Мә­селе – осында. Егер адам­дардың ақпа­рат­тық техноло­гиялар жай­лы сауаттылығын арттыру арқы­­­лы IT мамандарын 100 мыңға көбей­теміз десек, онда, әрине ол мақ­сат­­қа жетуге болады. Ал жас­тар­дың шетелдерге кетіп қызмет етуін мен қалыпты дүние деп қа­­былдаймын. Жастарды тек елі­ші­лік жобалармен қалып қойға­ны дұ­рыс емес. Егер оның жо­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ба­­­­­лары жалпы адамзат игілі­гіне арналған жоба болса, ол ал­пауыт компа­­ния­­­­лардың қатарын то­лықтырып жатса, неге бар­мас­қа?! Қара­­пайым ғана, Ин­драй­­­вер қосым­шасын алып қа­­­райықшы, Якутск қаласында ға­­на пайда болған қосымша бүгінде халық­­­­ара­лық сипат алған үлкен компа­нияға айналып үл­герді. Егер биз­нес идея­ның өмір­шеңдігіне көзі же­тіп тұрса, та­бандылығы болса, жақсы ко­ман­­­дасы болса, неге тәуекел етпеске?!

Жалпы, шетелде идеяларын бірнеше миллион долларға сатып жатқан мәліметтер кездеседі. Біз­­­­­­­­­де идея тапшылығы бар. Идея көп дейміз, бірақ қай идея өмір­­шең, оған да назар аударған жөн. Мысалы, бізде графикалық ойын­­­­­­­­­­­­дар жасау да кемшін түсіп жатыр. Қарапайым Беларусь мем­­­­­­­­­лекеті осы графикалық ойын­­­­­­­­­­­­­­дар жасауда қазір алдыңғы орындарда. 

– Жас кәсіпкерлерді қолдау, стартаптарға қолдау көрсету елі­мізде қаншалықты? Елімізде кей­бір жобалардың аяқсыз қалып жа­татыны туралы жағдайлар жиі ұшырасады.

– Жалпы, жас кәсіпкерлерді қол­­­дау үшін елімізде нарықты қорғау шараларын жасау қажет. Елімізде IT мамандары көп ақша табады деген ұғым қалыптасқан. Егер әрбір адам өз саласының на­­­ғыз маманы болса, сол сала­­­­­­­сында жақсы қаражат табуына мүмкін­­дік мол. Жастардың өзде­­­рінің жо­­­­­­баларын іске асыра ал­­­­­мауының басты себебінің бірі – тәжіри­­­­бенің жеткіліксіздігі дер едім. Бизнес саласында жүрген адам­­дар­­­дың өмірлік тәжірибесі бола­ды. Біздің елімізде кез кел­­­­ген бір жобаға патент алу, лицен­­­­­зиялау деген оңай шаруа емес. Бұл жағ­дайда біздің қабылданған заң­дарымыз да күрделі. Бірнеше са­ты­дан тұратын күрделі процес­­ті бастан кешіруді жастар көп көте­ре алмай қалып жатады. Сон­­­дық­тан олар бастаған жоба­ларын жарты жолдан тастап ке­теді. Со­ны­­­мен қатар кез келген с­тар­­­­тап­­тың командасына да байла­­­­­­­­­­­­­­­ныс­­ты. Командаға нағыз маман­­­дарды тарту да бір мәселе. Кез келген кәсіпкер өзінің бас­­­­тағалы отыр­ған кәсібінің өмір­­­шеңдігін бағ­дарлай алуы қажет. Мысалы, осы салада «бизнес-періштелер» де­ген кәсібіңізге ин­­вестиция са­­латын компа­­­­ния­­лар бар. Бірін­ші­­ден, «бизнес-пе­­­ріштелер» сіз­дің бизнес-идея­­­ңызға мән береді, биз­­нес жос­­­­­­­­­­па­­­­­­­рыңызды қарайды, солай­­ша бастағалы отырған кәсі­біңіздің өміршеңдігіне бағдар жасайды. IT саласы – әлі мүм­кіндігі толық ашыла қоймаған сала. Кез келген IT жобаны іске асыру үшін маркетингтік шы­ғын­дар туралы да ұмытпауымыз ке­­­­­рек. Жалпы алғанда, жастарға барлық жағынан қолдау керсетіп, олардың жобаларын дамыту керек: гранттар бөліп, инвести­­­­­­­­ция­ларды тарту қажет.

– Президент биылғы Жол­­­­­­дауын­да жасанды интеллект са­­ла­сына қажетті кадр даярлау қа­жет екенін айтып еді. Бұл салаға бет бұ­руға қалай қарайсыз?

– Ең алдымен жасанды ин­­­­тел­лекттің мүмкіндіктерін тү­­сі­ніп алуымыз керек. Жасанды ин­тел­лект сіздің айтқан сөзіңі­­­­­з­дің, атқарған іс-әрекеттеріңіздің ма­те­матикалық есебін шығарып отырады, алгоритмдерді ұсына­ды. Жасанды интеллекттің жұ­мыс­тарын қадағалау үшін де адам керек. Біз ЖИ-ді ешқашан қа­телеспейді деп айта алмаймыз. Бірақ қателесу мүмкіндігі аз болуы мүмкін. Мәселен, оның мүмкіндіктерін біз медицинада толық қолдана алмаймыз. Неге? Өйткені сырқат адамның дәлме-дәл диагнозын анықтап қана қоймай, оның ем-шараларын жүргізу үшін ота жасау керек пе, әлде қажеті жоқ па, соны анықтау үшін бірнеше жылдық тәжірибесі бар кәсіби дәрігердің көмегі керек болады. Себебі дәрігер он­дай жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін біледі. Енді кадр­­­ларды даярлауға келейік. Негізі, бұл эволюциялық жолмен дами­тын сала. Егер ел ішінде отан­дық IT саласының маман­­­дары аз бо­латын болса, кадр даяр­лаудың да мүмкіндіктері ке­ми бермек. Сондықтан ең бірінші біз IT ма­мандарының саны мен сапа­сын арттыруымыз қажет. Біз­дің Цифр­лық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәібі ми­нистр­­­лігі экс­порттық дәрмені бар ком­пания­­лардың экспорттық әлеуе­­тін же­­тілдіру үшін АҚШ-та Silk Road (Жібек жолы) деген арнайы хаб ұйымдастырып жатыр. Бұл жо­баны егер отандық IT ком­­­па­ниялар кремний ал­­­­қа­бына не­месе АҚШ нарығына шық­­­қысы келетін болса, бастап­қы көмекті көрсету үшін ұйым­дас­­тыруда. Ол жерде қазір Әсет Әбдуалиев де­ген жігіт бас­шы­лықта қызмет ат­қа­рып жатыр. Сондай ақпа­­раттық техноло­гия­лық орта­лықтар, яғни біздің ұғы­мы­­­­­мыз­дағы хабтар Таяу Шы­ғыс пен Солтүстік Африка өңіріне, Араб елдеріне және өзге де өсу мүм­­кіндіктері бар ай­мақтарға қа­рай тартылуы керек. Африка құр­­­лығы әлі дами қой­мағанымен, әлеуеті толық зерт­теле қоймаған өңірге жатады. Халық өсімі өте жоғары. Ертеңгі сіз өндіретін өнім­нің тұты­ну­­шыларының көбею мүмкін­дігі кеңейе түсуі мүмкін. Коммер­циялық мүмкін­дігін ой­лайтын компания осы бастан Солтүстік Африка, Мы­сыр елі, Алжир, Ма­­рокко секілді ел­дер­мен бола­­­­ша­­­ғын жоспарлап көр­гені дұрыс болуы мүмкін. Сон­дай-ақ біздегі нарықтағы IT ма­­­мандардың көз­қарасын, таны­мын кеңейту үшін арнайы ак­целерациялық бағ­дарламалар бар. Сауд Арабия­­сында «гараж» деген акцелера­ция­лық бағдар­ламасы бар, сол секілді Google-дың да осындай бағдарламалары бар. Соған қаты­су арқылы IT на­рығындағы биз­несті жасақтау, бизнестің құры­­­лы­мын жүргізу, оның оң мен солын тануға көмек беретін іс-әрекеттермен таны­сасыз. Бұл саяси шешіммен рет­тей салатын дүние емес. Оларды да үйрететін орта керек. Біз де әлі ондай орта қалыптаса қойған жоқ. Сон­дық­тан да «экспорттық компания­ларға жағдай жасау керек, сатып алуда да оларға ба­сымдық бе­ріңдер» деп біздің Мемлекет бас­шысының айта­тыны – осы. «100 мың IT мама­нын дайындау» деген кезде де негізгі идея осыдан туған болуы керек. Салалық ми­нистрлік жыл сайын «цифрлы көпір» деген іс-шара өткізеді. Со­ның биылғы іс-шарасының не­­гізгі тақырыбы жасанды интел­лект болмақшы. 

– Келешекте көп дүниені жа­санды интеллект алмастырады де­ген қауіп басым. Бұдан қорқуы­мыз керек пе? Әлде дұрыс қабыл­даған жөн бе?

– Әлемде ертең осы ЖИ бізге өзіміздің ақпаратымызды өзі­­мізге қарсы қолдануы мүмкін бе деген алаңдаушылық бары рас. Бұл туралы фильмдер де түсіріліп жа­тыр. Бірақ біз заманның да­муына орай икемделіп, бейімделу жағын көбірек ойлануымыз ке­рек. Оның пайдасын көбірек анық­тауы­мыз керек. Айталық, эконо­мист мамандарының кә­­сіптік тұрғыда алдағы он жылда келеше­гі бар ма? Мәселен, қазір бухгал­тердің оқуын оқу шарт емес, ар­найы қосымшаларды меңгеріп, курстарға қатыссаңыз жеткілікті. Сондай-ақ жаңа ма­мандықтар да пайда болып жа­тыр. Қазір әлеу­меттік желілердің дамуына орай инстадизайнер, таргет маман­дары пайда болды. Біз кәсіби мамандықтардан бө­лек, қосымша дағдыларға қарай кетіп бара жа­тыр­мыз. ЖИ-ді меңгеру арқылы сіздің нарық­тағы бәсекелестікке төтеп беру мүмкіндігіңіз арта түседі. Цифр­лы әлем адамның күнделікті өмірін өзгертуге, өмір сапасын арттыруға көмектеседі. Неге бү­гінде Каспий теңізінің ас­тымен байланыс жүйесін сал­ғысы келіп жатыр. Себебі маман­дардың ай­туынша, ол идея жүзеге асатын болса, біздің ақпарат тасымалдау жылдамдығымыз 3 секундқа ар­та түседі. 3 секунд­тың өзі өмір­лік маңызды шешім­дер үшін маңы­зы зор болмақ, тіпті адам өмі­­­рін сақ­тап қалуға да болады деген сөз.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан А. ХАСАН