Діни алауыздық тудырған Қостанай қаласының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Діни алауыздық тудырған Қостанай тұрғыны 7 жыл арқалады
1,262
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Қостанай облысының Б.Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын интернеттің әлеуметтік желілерінде жариялаған", деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 20 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.