Көкшетау қаласының 21 жастағы тұрғыны апалы-сіңлі қыздарды алдап, 18 миллион теңге ақшасын алып қойған.
Көкшетау тұрғыны апалы-сіңлі қыздардың 18 миллион теңгесін жымқырып кеткен
659
оқылды

Ақмола облысының прокуратурасының мәліметінше, алаяқ қыздарға анасы жол апатына ұшырады деген ойдан шығарылған оқиғаны айтқан. Ер адам қыздарға анасын емдеуге көмектесетінін айтып, әйелдің пәтер алу үшін жинаған ақшасының бәрін алып кеткен.

Ведомство әйелдің балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырғанын, ал алаяқ қыздардың жалғыз қалған сәтін пайдаланғанын атап өтті.

Жалпы, жәбірленушілер алаяқтың қолына 18 миллион теңге берген. Алаяқ тез арада тұтқындалып,  бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.