Коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасын өткізу кейінге шегерілуі мүмкін
Коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасын өткізу кейінге шегерілуі мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
437
оқылды
Reuters-тің жазуынша, коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасын өткізу уақыты  2020 жылдың соңына қарай шегерілуі мүмкін. Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото: «Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өтуі керек. Демек Жазғы ойындарды шегерілу деп те түсінуге болады», – дейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені де айтылған болатын. Тағы бір тәсіл Олимпиаданы телевизиялық режимде трансляциялау мәселесі де қарастырылған. Айта кетейік, қазіргі жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс.