Бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Петропавл мен Орал тұрғындарының мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір ай бұрын жоғалған азаматтардың мәйіті табылды
893
оқылды

Ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады.

1980 жылы туған Денисова Татьяна 1 шілдеде жоғалып кеткен.Әйел Қызылжар ауданы Белое ауылында көмір өндіретін кәсіпорын аумағынан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен.

Ал 1959 жылы туған Фатима Исақұлова Орал қаласындағы Құныскерей көшесінде тұратын. 24 мамырда зейнеткер үйден шығып кеткен, туыстар сол күннен бері хабар ала алмаған. Жақында әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.