Осы бапқа қатысты жаза түрлеріне 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.
Петропавлда нәрестесін терезеден лақтырмақ болған әкеге үкім шықты
630
оқылды
Петропавл қалалық соты бесінші қабаттың терезесінен жаңа туған қызын лақтырмақ болған әкеге қатысты үкім шығарды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
 
23 жастағы ер адам 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту" бойынша сотқа тартылды.
 
Сотталушы мас күйінде жаңа туған нәрестені бесінші қабаттың терезесінен лақтырамын деп "азаматтық некедегі" әйелін қорқытқан. Оқиға өзара жанжалдан туған.
 
"Прокурор айыптауды қолдап, сотталушыға 120 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады, істеген ісіне өкініш білдірді. Оның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады сот.
 
Қылмыстық Кодекстің 115-бабы бойынша айыпталушы 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Осы бапқа қатысты жаза түрлеріне 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Бұл құқық бұзушылық қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады.