Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда.
Желіде арнайы әлеуметтік төлем тағайындалатыны туралы ақпарат тарады
786
оқылды
БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемдер тағайындалатындығы айтылады. Еңбек министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін нақтылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік төлем тағайындауда зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндердің еңбек өтілімінің мерзіміне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертеді

"Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз", – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.