Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытауда терроризмді насихаттаған тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сирияға кеткен тұрғынды Ұлытауға алып келіп соттады
1,824
оқылды

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталды. Содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстады. Биыл маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілді. 

2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.  

Фото: anfrussian.com