Шымкентте анасы мен қызы дүкеннен иіссу ұрлап келген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкентте анасы мен қызы дүкеннен иіссу ұрлауды кәсіп еткен
605
оқылды

Полицияға қаладағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан косметика дүкенінен парфюмерия ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Арызданушы екі тұтынушының сауда орнынан парфюмерия өнімдерін жасырын түрде алып кеткенін айтқан. Сондай-ақ, олар бұған дейін де үш рет осы дүкенге келіп ұрлық жасаған екен.

«Криминалдық полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар жергілікті тұрғындар – анасы мен қызы болып шықты» деп мәлімдеді полициядан.

Күдіктілер сөредегі тауарларды мұқият қарап жүргендей кейіп танытқан. Содан қымбат иіссуларды тез әрі байқатпай сөмкеге салып, артынша сауда нүктесінен кетуге асыққан.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары аяқталған соң қылмыстық іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.