Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Раисы Рустам Мин­ни­хановты қабылдады.
Берік байланыс
813
оқылды

Кездесу барысында сауда-эконо­микалық, инвестициялық, аграрлық жә­не мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты дамыту перс­пек­тивалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанмен ара­дағы экономикалық ықпалдастық ау­қымы бойынша Татарстан Ресей өңір­лері арасында жетекші орынға ие еке­нін атап өтті.

– Қазақстан мен Татарстанның ын­тымақтастығы қарқынды дамып ке­леді және Ресей Федерациясымен көп­жақты қарым-қатынасымызда маңыз­ды рөл атқарады деп айтуға то­лық­тай негіз бар. Өткен жылдың қо­ры­тындысы бойынша, Қазақстан мен Та­тарстан арасындағы тауар айна­лы­мы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион дол­лардан асты. Машина жасау сала­сын­да «Татнефть», «КАМАЗ» ком­па­ния­ларының қатысуымен ірі жобалар та­бысты жүзеге асырылып жатыр. Бұ­дан да бөлек жобалар бар, – деді Қа­сым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Қа­зақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тық­ты нығайту мәселесіне назар ау­дар­ды.

– Құрметті Президент, кездесуге уа­қыт бөліп, бірлескен жобалар тура­лы баяндауға мүмкіндік бергеніңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ бү­гінгі «Иннопром» көрмесі үшін ри­за­шылығымды білдіремін. Дайындық өте жақсы жүргізілген әрі жоғары дең­гейде өтіп жатыр. Біз 100-ден ас­там адамнан және 38 компаниядан тұ­ратын үлкен делегацияны ала кел­дік. Біздің міндетіміз – ірі бизнесті та­­­ныстырып, сауда-экономикалық бай­ланыстарды нығайту ғана емес, со­нымен қатар шағын және орта кә­сіпорындарымыздың Сіздің еліңізбен бел­сенді жұмыс істеуіне септігімізді ти­гізу, – деді Татарстан Раисы.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысы Қазақстан мен Ресейдің Өңі­­­­ра­ралық форумы өзара ынты­мақ­тастық үшін оңтайлы алаңға айналғанын атап өтті. Биыл қараша айында Қостанайда өтетін Форумның тақырыбы ауыл шар­уашылығына арналмақ. Прези­дент ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіндегі мол тәжірибе мен осы са­ладағы серіктестік әлеуетінің зор еке­нін ескере отырып, Татарстан кә­сіп­керлері бұл бағытқа қызығушылық танытатынына сенім білдірді.